Қазақстанға заңсыз әкелінген телефондар бұғатталады — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазақстанға заңсыз әкелінген телефондар бұғатталады

Қазақстанға сатуға әкелінетін телефондардың бір бөлігі «сұр» импортпен жеткізіледі және көбінесе IMEI-коды қайталанады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин аталған мәселемен күресу жолдарын айтты.

Сәйкестендіру кодтарының деректер базасы мәліметінше, қазіргі кезде елдің ұялы байланыс компаниялары желісінде IMEI коды қайталанатын 3,7 миллионға жуық абоненттік құрылғы жұмыс істейді.

Бұл өз кезегінде құқық қорғау органдарына ұрланған ұялы телефондарды іздестіру және бұғаттау бойынша жедел жұмыстарды тиімді жүргізуге мүмкіндік бермей отыр.

«Осыған байланысты Цифрлық даму министрлігі «сәйкестендіру кодтарының дерекқорын» кеден қызметтері жүйесімен және абоненттерді тіркеу кезінде биометрияны қолдану арқылы интеграциялауды жоспарлап отыр»,  — деді Бағдат Мусин.

Бұл механизм:

  • заңсыз әкелінген құрылғыларды 100% бұғаттауға;
  • кедендік және салықтық төлемдерден түсетін мемлекет кірістерін ұлғайтуға;
  • клондалған және жалған құрылғыларды 99%-ға азайтуға;
  • мобильді құрылғыларды ұрлау, жеке басын куәландыру сияқты алаяқтықпен байланысты қылмыстарды азайтуға;
  • реттелетін және бақыланатын электроника нарығы арқылы халықаралық инвестицияларды ұлғайтуға, сондай-ақ әділ бәсекеге қабілетті бизнес үшін жағдай жасауға мүмкіндік бермек.

Еске салайық, ведомство Ішкі істер министрлігімен және «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК-мен бірлесіп, тізілімде ұрланған абоненттік құрылғылардың IMEI-кодтарын тексеруге арналған цифрлық қызмет құрған болатын (https://imei.rfs.gov. kz).

«Осыған байланысты, пайдаланылған ұялы телефондарды сатып алғанда тізілімде ұрланған абоненттік құрылғылардың бар-жоғын тексеруді ұсынамы», — деп хабарлады министрлік.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Президент: «В основе всех достижений человечества лежит труд ученых»

Выступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева на церемонии награждения ученых Уважаемые ученые! Уважаемые участники встречи! Поздравляю вас с Днем работников науки! ...

Президент: Біз бәсекеге қабілетті ел боламыз десек, ең алдымен, ғылымды дамытуымыз керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзі Қадірлі қауым! Құрметті ғалымдар! Ең алдымен, Ғылым қызметкерлері күні баршаңызға құтты ...