Қазақстанда 34 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды

Соңғы жылдары банк қызметкерлерінің атынан жасалған телефон алаяқтықтары жиілеп кетті. Қылмыскерлер көбіне нөмірді ауыстыру қызметін пайдаланады. Өткен жылы полиция қызметкерлері осындай 3600 қылмысты анықтады, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі Polisia.kz ақпараттық медия-порталына сілтеме жасап.

Осыған байланысты ІІМ оларды бұғаттау мәселесін көтерді. Ведомство Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, «Ксеll», «КаР-Тел», «Altel» және «Теle2» ұялы байланыс операторларының антифрод-жүйелерінің дерекқорларын біріктіруді ұйымдастырды. Қабылданған техникалық шаралар қазақстандық абоненттік нөмірлерге халықаралық трафик арқылы өтетін фрод-қоңырауларды тануға және бұғаттауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде өткен жылдың 6 айында 19 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды, ал ағымдағы жылдың басынан бері анықталған қоңыраулар 15 млн-нан асады.

Осындай қылмыстар жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, оның ішінде «call-орталықтар» деп аталатын қызметті бейтараптандыру және жолын кесу бойынша шаралар қабылдануда.

Мәселен, өткен жылы ел аумағында интернет-алаяқтық кезінде ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан 5 трансұлттық қылмыстық топ анықталып, жолы кесілді.

Өткен жылдың желтоқсан айында Украинаның ұлттық полициясымен бірге Днепропетровск облысының аумағында арнайы операция жүргізілді. Соның нәтижесінде қазақстандықтарды алдаумен айналысқан Украинаның 32 тұрғынынан тұратын қылмыстық топ жойылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде IP-телефонияны пайдаланумен байланысты телефон алаяқтығының саны екі есе төмендегенін атап өткен жөн.

x

Check Also

Бизнеске өндірістерді жаңғыртуға жұмсалған шығындар өтелуде

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы өндірістерді жаңғырту, еңбек өнімділігін арттыру және өнімді ішкі нарыққа ілгерлету шығындарының бір бөлігін өтей ...

Определены сроки проведения итоговой аттестации школьников в Казахстане

Сроки начала и окончания 2024-2025 учебного года, а также порядок проведения итоговой аттестации утверждены приказом министра просвещения Республики Казахстан. Выпускные ...