«Қарызсыз қоғам» — әлеуетті әлеумет (видео) — Xnews — ақпарат агенттігі

«Қарызсыз қоғам» — әлеуетті әлеумет (видео)

Сауран ауданында халықтың қаржылық сауатын арттыру мақсатында оқу семинар басталды. «Қарызсыз қоғам» пилоттық жобасы аясындағы Сауран ауданы Оранғай ауылдық округінде оқу семинары өтті. Жобаға 100-ге жуық ауыл тұрғыны қатысты. Олар қаржыны қалай сауатты жұмсау керегін, есепсіз несиеге жоламаудың жолын үйренді.   

«AMANAT» партиясы мен Halyk bank бірге ұйымдастырған «Қарыссыз қоғам» жобасының мақсаты қаржылық сауаттылықты арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену. Ол арқылы қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді анықтау жолдарын үйренуге болады. Осылайша, жыл соңына дейін Түркістан облысында жалпы 12 650 азаматтың қаржылық сауатын арттыру жоспарланған. Мамыр айында 800-ге жуық саурандық курстан өтеді.  

Бүгінде 6,3 миллионға жуық қазақстандықтың банктік несиелері өтелмеген. Сонымен бірге 1,2 миллион қазақстандық микроқаржы ұйымдарынан несие алған. Бұл азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер етеді, — дейді қаржы сарапшысы Жандос Әзімбай. Ол дәл осы қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша тегін курсты жүргізеді. Маманның айтуынша, есепсіз несие алудың салдарынан тұрғындар қарызға батып отыр.

 Қолжетімді несиелер, қаржы ұйымдарының жоғары пайыздық мөлшерлемелері, ең бастысы, қаржылық сауаттылықтың төмендігі – жыл сайын халықтың қарызының өсуін арттырады. Ауыл тұрғыны Сандуғаш Назарсейтова да белгілі бір банктен үй салуға 1,5 миллион теңге несие алған. Бүгінгі курста банктің пайыздық мөлшерлемесі тым көп екенін біліп отыр.

 Қазіргі уақытта 1 миллионнан астам адам кем дегенде бір несиесін кешіктіріп төлеген. Оқыту курсы – осы олқылықтың орнын толытыруға септігін тигізеді. 2 мамырда басталған курс жыл соңына дейін жалғасады. Айта кетейік, аталған тегін курс еліміздің 8 өңірінде ұйымдастырылған.

© Ońtústik TV

x

Check Also

Шымкент: Еңбек нарығы мен гастрономиялық туризмді дамытуға басымдық берілуде

Шымкентте халықты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылы жұмыспен қамту шараларына 31 398 адамды тарту ...

Президент Жолдауын жүзеге асыру: екі жылда туризмге салынған инвестиция 2,2 трлн теңгеден асты

Туризмді дамыту және оның ұлттық экономикадағы рөлін нығайту сапалы жаңа кезеңге өтіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: ...