Қаржы агенттігі жарты жылда 8 мыңнан астам сайт пен шотты бұғаттаған (видео)

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылдың алғашқы алты айында заңсыз кон­тенттерді анықтау мақсатында интернет же­лісіне мониторинг жүргізіп 8071 сайт пен шотты бұғаттаған.

Агенттік жыл басынан бері қаржы пирамидасының жұмысына пайдаланылатын, онлайн казино мен криптовалюта атын жамылып, елді алдайтын инттернет ресурстармен күрескен. Сол жұмыстың статистикасын ұсынды.

Ресми статистикаға сенсек, қаңтардан бері елімізде жұмыс істеген 5 348 сайт пен шот қаржы пирамидасының белгілері бар ресурс ретінде бұғатталған.

Бұдан бөлек 2 102 онлайн казиноның ел аумағындағы жұмысы тоқтатылған. Криптовалюта атын жамылып қаражат жинамақ болған 621 сайт пен шот та жабылған.

ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай:
Интернет-алаяқтық жасаудың ең көп тараған тәсілі – онлайн сауда. Ол белгілі сауда алаңдарының сайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнамаларды орналастыру. Алаяқтар тауардың немесе қызметтің төмен бағаларын көрсетіп, алдын ала төлемді немесе толық төлемді сұрайды.Биылосындай 2 мыңнан аса қылмыс тіркелді.

Осылайша агенттік алты айдың ішінде 8 071 сайт пен шотты заңға қайшы қызметі үшін бұғаттаған.

x

Check Also

Қазақстан әлемдегі топ-100 суперкомпьютер қатарына енді

Ұлттық суперкомпьютер «Alem.Cloud» әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің халықаралық рейтингі TOP500 тізімінде 86 орынды иеленді. Бұл рейтингке тек HPL (High-Performance ...

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның ...