Қаржы агенттігі жарты жылда 8 мыңнан астам сайт пен шотты бұғаттады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылдың алғашқы алты айында 8 071 сайт пен шотты бұғаттаған. Бұл туралы агенттіктің ресми сайтында хабарланды.

Агенттік жыл басынан бері қаржы пирамидасының жұмысына пайдаланылатын, онлайн казино мен криптовалюта атын жамылып, елді алдайтын инттернет ресурстармен күрескен. Сол жұмыстың статистикасын ұсынды.

Ресми статистикаға сенсек, қаңтардан бері елімізде жұмыс істеген 5 348 сайт пен шот қаржы пирамидасының белгілері бар ресурс ретінде бұғатталған.

Бұдан бөлек 2 102 онлайн казиноның ел аумағындағы жұмысы тоқтатылған. Криптовалюта атын жамылып қаражат жинамақ болған 621 сайт пен шот та жабылған.

Осылайша агенттік алты айдың ішінде 8 071 сайт пен шотты заңға қайшы қызметі үшін бұғаттаған.

x

Check Also

Дроны помогли задержать наркосбытчицу с 2 кг синтетики в Шымкенте

Правоохранители стали всё чаще использовать БПЛА в обеспечении правопорядка. Дроны задействованы в дорожном патрулировании, для контроля на массовых мероприятиях и ...

Шымкентте дронның көмегімен 44 жастағы әйел қылмыс үстінде ұсталды

Ішкі істер министрлігінде полиция жұмысының тиімділігін арттыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық технологияларды жүйелі түрде енгізу жұмысы жалғасуда. ...