Полицейлер ғаламтор алаяқтарынан сақ болуға шақырады

Қазіргі уақытта ғаламтор желісінде алаяқтық жасайтын жандардың қатары көбейген. Қылмыс жасаушылар көбінде ғаламтор арқылы бөтеннің сенімін теріс пайдалану, алдау жолымен мүлкіне ие болуда. Ал бұл қылмыспен күресуді полиция қызметкерлері күн тәртібінен түсірген емес.

Осы тұрғыда Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы «CyberPol» соққы-нысаналы тобы мен «БТО-Түркістан» мекемесі қызметкерлерімен бірге жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Яғни коммуналдық қызмет ақысын төлеу қажеттілігі туралы әрбір тұрғынға берілетін ескерту қағазының екінші бетіне алаяқтық қылмысынан сақтану жолдары туралы түсіндірме жазылып, азаматтарға таратылуда.

Сонымен қатар халық көп шоғырланатын жерлерге ғаламтор алаяқтығы қылмысы туралы, оны болдырмау және алдын алу мақсатындағы қауіпсіздік шаралары туралы жаднамалар ілініп, нақты факторын көрсететін брошюлар таратты.

Түркістан Облысының Полиция Департаменті

x

Check Also

Шымкентте дронның көмегімен 44 жастағы әйел қылмыс үстінде ұсталды

Ішкі істер министрлігінде полиция жұмысының тиімділігін арттыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық технологияларды жүйелі түрде енгізу жұмысы жалғасуда. ...

В Шымкенте прошли учения по гражданской защите «Қыс-2025»

В Шымкенте завершились двухдневные городские командно-штабные учения «Қыс-2025», направленные на отработку действий системы гражданской защиты в условиях зимних чрезвычайных ситуаций ...