Онлайн несие рәсімдеген

Түлкібас аудандық полиция бөліміне алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, белгісіз біреу оның атынан 115 мың теңгеге жуық онлайн несие рәсімдеп алған.

Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке тұлғасын анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде бұрын сотты болған жергілікті тұрғын анықталды.

Белгілі болғандай, күдікті ер адам жәбірленушінің үйіне “Otau тв” орнатып беремін деп алдап, суретке түсіру арқылы өзінің телефонымен онлайн несие рәсімдеген. Тексеру барысында оның бұдан бөлек 4 жайтқа қатысы бары анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды, тергеу жалғасып жатыр.

x

Check Also

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...

Безопасность детей — в центре внимания

В Шымкенте прошло масштабное праздничное мероприятие, посвящённое безопасности детей. 29 мая 2025 года на площади «Наурыз» в городе Шымкент состоялось ...