Несиесін жабу үшін танысының телефонын ломбардқа өткізген

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағым түсірді. Ер адамның айтуынша, танысы «Iphone-11 Pro» маркалы ұялы телефонын шұғыл біреуге қоңырау соғамын деп алып, телефонын қайтармастан оқиға орнынан ізін суытқан. Жәбірленушіге 500.000 теңге шығын келген.

Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Ақпарат алысымен тәжірибелі полиция қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы күдіктіні ұстауға жұмылдырылды. Тыңғылықты ізденістің нәтижесінде бір тәулік ішінде күдіктінің жеке басы анықталып, жеткізілді.

Белгілі болғандай, күдікті танысының ұялы телефонын алған бойда ломбардқа өткізіп, несиесін жапқан.

Тәртіп сақшылары қолды болған ұялы телефонды тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды.

Түркістан Облысының Полиция Департаменті

x

Check Also

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...

Безопасность детей — в центре внимания

В Шымкенте прошло масштабное праздничное мероприятие, посвящённое безопасности детей. 29 мая 2025 года на площади «Наурыз» в городе Шымкент состоялось ...