М.Ахметжанов: Қағазға емес, халыққа қызмет ету керек! (видео)

Еліміздің бас полицейі Түркістан облысының тұрғындарымен және өңір белсенділерімен кездесті. Ашық форматта өткен басқосуда Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, аймаққа тән проблемалар мен өзекті тақырыптарды қозғады. Көпшілік министрге көкейінде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша еліміздегі қылмыс деңгейі жыл басынан бері 19%-ға төмендеген.   Министр жұртты алаңдататын негізгі төрт бағытқа тоқталды.Тұрмыстық зорлық зомбылық, Ішімдік ішіп жасалған қылмыс,Есірткіге елту,төртінші интернет алаяқтық.Бұлар бүгінгі күннің ең өзекті мәселлері болып тұр. Марат Ахметжанов «Үй тирандарын» жазаға тарту үшін заңға түзету енгізіліп жатқанын атап өтті.5 жылда «мас» қылмыскерлердің қолынан 2 360 адам қаза болғанын екен. Министр еліміздегі ішімдіктен бас тартқан 380 ауылда 5 жыл ішінде бірде-бір қылмыс жасалмағана тоқталды. Оның ішінде Түркістан облысындағы ауылдарды ерекше атап өтті.
 Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі:
— Мемлекет басшысының бізге қойып отырған талабы халық сезінуі кере үлкен өзгерістер болып жатқанына.халықпен тығыз қарым өатанасын полицицяда өзгеріс болмаса халық сенбейді. Біз ішкі өзгеріс жасадық. Бүлшім өлшемді өзгерту есеп емес жұмыс. Жоспар қанша тіркелді ашылды. Көрсеткіш индикатор қойып жұмыс істедік. Қазір президент талабы халық сенімі.Түбегейлі өзгерістерге тарихи заман халық сұранысы мен президент талаптары сәйкес келіп отыр. Қоғам тыныш болса одан артық не бақыт керек. Кешегі індет қаңтар оқиғасы адам түсінді бірлік пен сылайдан артық бақыт болмайды. Президент мақсат талаптарын бірге орындау. Көкейкесті мәселе жинап полицицяны ақалй жетілдіреміз.

Түркістан облысында биыл 111 кг есірткі тәркіленген.Оның қара нарықтағы құны 327 млн теңгені құрайды екен. Министр мәселе бағада емес ұлт санасын улаған есірткімен күрестің күшейтілген режимде жүргізілгенін атап өтті. Қазіргі ең өзекті мәселелердің бірі интернет алаяқтық болып тұр. Облыс бойынша 5 ай ішінде 149 осындай қылмыс жасалған.Полиция киберқылмыстармен күресу үшін «КиберПол» пилоттық жобасын Астана қаласында іске қосқан. Енді оны Алматы мен Шымкент қалаларына енгізу жоспарлануда екен.Министрдің сөзінше, қылмыстың жасалуына әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсері басым. Сондықтан оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою маңызды. Осы ретте ІІМ Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Құжатта азаматтардың сұранысы ескеріліп, құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша басқа да мемлекеттік органдардың жауапкершілігі бекітілетін болады.

 Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі:
— Президен тапсырмасымен осы бес жылға арналған тұжырымдама жасап жатырмызҰрлық болса қылмыс болса әрине полиция жауапты болады.Ең бастысы сол қылмысты ашып, тергеп сотқа жіберу. Ол да полицицяның басты міндеті. Біз өкінішке орай тек қылмыс салдарымен күресіп жатырмыз. Қазіргі бізге қойып жатқан талап соның себептерімен күрес. Барынша болдырмау мақсатында жұмыс істеуіміз керек. Проблеманы анықтайтын тәсілдермен жұмыс істеу. Ғылыми зерттеуге сүйенетін болсақ әсер болатын 250 ден астам фактор бар екен. Әлеумет экнонм т.б.Полиция басты міндеті көбіне салдарымен тұжырымдама мақсаты серіктестік жергілікті атқару орган қоғам бірлік. Сол жерде бьірге шешіледі.

Көшедегі қылмыстарға қарсы. Түркістан облысында 21 мың бейнебақылау камерасы бар.Оның 8 мыңы полицияға шығарылған.Олардың көмегімен биыл 65 қылмыс ашылып,36 мың әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Аймақтың қоғамдық жерлерінде 12 дабыл батырмасы қойылған.Жол қауіпсіздігі.Жол жүрісі қағидаларын бұзушыларды анықтап, жол апаттарының алдын алу мақсатында ІІМ «Қорғау» жүйесін іске қосқан.Жүйе жалған нөмірлермен жүрген,айыппұлдары төленбеген,сақтандырусыз,іздестірудегі көліктерді анықтауға мүмкіндік берді. «Қорғау»жүйесі іске қосылған бір жылдың ішінде Түркістан облысында 341 қауіпті  жүргізуші куәлігінен айырылып, жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген 28 автокөлік анықталды. Министр жергілікті атқарушы органдарды жол инфрақұрылымына, жол белгілерінің орнатылуына назар аударуға шақырды.

Дереккөз: Ońtústik TV