Кино алаяқтарға алданбауға шақырды (видео) — Xnews — ақпарат агенттігі

Кино алаяқтарға алданбауға шақырды (видео)

Бүгінде алаяқтықтың түр-түрі көбейіп тұр. Олардың асқындағыны соншалық, ешқандай обал-сауапқа да қарамайды. Тіпті, иісі мұсылман үшін қасиетті парыз саналатын қажылыққа бару сапарларын да өз мақсаттарына пайдалануда. Соның бірі «Kausar Travel» компаниясы Сауд Арабиясы қажылығына апарам деп қажылық парызын өтеуге ниеттенген адамдарды жүздеген миллион теңгеге сазға отырғызып кеткен.

Сондықтан, елді алаяқтарға алданбас үшін құқық қорғау құрылымдары түрлі шаралар ұйымдастыра бастады.

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы полицейлерінің ұйымдастыруымен алаяқтық қылмысының алдын алу мақсатында, профилактикалық қысқаметражды фильм жасалды.

Фильмге бүгінгі таңда өз өнерлерімен Қазақстанға танымал болған талантты «Миллион» командасының жігіттері түскен.

Яғни қалың көрерменге «Жездуха», «Әпше» секілді сериалдар арқылы танылған жас жігіттер алаяқтық қылмысының түрлерін жұртшылыққа нақты өмірдегі мысалдармен жеткізген. Сондай-ақ интернет алаяқтарына алданбауға шақыруда.

Бұл фильмді түсірудегі полицейлердің мақсаты – облыс тұрғындарын алаяқтарға алданбауға шақыру мен мүмкіндігінше қарапайым тілде алаяқтардың әрекеттерін түсіндіру.

Осындай әрекеттер аңғал адамдарды алаяқтардың арбауына түспес үшін қызмет етеді.

x

Check Also

Жол апаттары азайғанымен, балалар өлімі алаңдатып отыр

2026 жылдың 10 айында Түркістан облысы бойынша 993 (2025 жылдың 10 айында — 1032) жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың ...

Электр энергетикасы – жаңа дәуірдің қозғаушы күші

Қазіргі әлем электр энергиясы экономикалық және технологиялық дамудың негізгі ресурстарының біріне айналған кезеңге қадам басты. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі, цифрландыру, жаңа ...