Кейінгі 5 жылда интернет-алаяқтықпен байланысты қылмыстар саны 40 есе өсті

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Инновациялық технологиялар мен цифрлық сервистердің қарқынды дамуы, сондай-ақ азаматтардың қаржылық сауаттылығының жеткіліксіздігі жағдайында интернет-алаяқтық кеңінен таралуда. Кейінгі 5 жыл ішінде олардың саны 40 есе өсті. Атап айтқанда 2018 жылы 517-ден 2022 жылы 20,5 мыңға дейін. Мұндай қылмыстар экономикаға ғана емес, елдің ұлттық қауіпсіздігіне де орасан зор зиян келтіреді», — деп жазылған ашық талқылауға шығарылған құжатта.

Мәлім болғандай, соңғы 5 жылда интернет-алаяқтар азаматтарға 22 млрд теңгеден аса залал келтірген.

«5 жылда интернет-алаяқтық нәтижесінде келтірілген залал сомасы 22 млрд теңгеден асады. Әйелдер әсіресе осал топ болып табылады және қылмыстың осы түрінен зардап шеккендердің жартысынан көбін құрайды. Оларға қатысты ауыр қылмыстардың 4 есе өсуі интернеттегі алаяқтыққа байланысты. Ұрланған ақша халықаралық аударым сервистері арқылы алынады немесе криптовалютаға аударылады. Фишингтік интернет-ресурстар, сондай-ақ қоңырау шалушының нөмірін өзгертуге, қоңырау шалушының дауысын бұрмалауға мүмкіндік беретін хакерлік бағдарламалар танымал», — делінген министрлік ұсынған ақпаратта.

x

Check Also

2025 жылдың соңына дейін 130-дан аса гидротехникалық нысан көпфакторлы тексерістен өтеді

Су ресурстары және ирригация министрлігі 134 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеруден өткізіп жатыр. Жалпы алғанда 2028 жылдың соңына дейін 557 нысанда ...

Токаев поздравил казахстанцев с Днем Победы

Уважаемые соотечественники! От всей души поздравляю вас с 80-летием Великой Победы! Этот знаменательный юбилей каждый казахстанец празднует с особым чувством ...