Жер алып беремін деп ақша алған

Жер алып беремін деген желеумен Түркістан облысының тұрғынының 2,7 млн теңгесін иемденген алаяқ ұсталды

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, танысы 10 соттық жер алып беремін деген желеумен алдын ала 2,7 млн теңге ақшасын алған. Айтқан уәдесінде тұрмай, әбігерге салған ер адамды жауапқа тарту үшін тұрғын полицияның көмегіне жүгінген.

Аталған деректі ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Тәртіп сақшылары алаяқтыққа қатысы бар күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

x

Check Also

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...

Безопасность детей — в центре внимания

В Шымкенте прошло масштабное праздничное мероприятие, посвящённое безопасности детей. 29 мая 2025 года на площади «Наурыз» в городе Шымкент состоялось ...