Жалған жарнама жарға жықты — Xnews — ақпарат агенттігі

Жалған жарнама жарға жықты

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғанын жеткізді. Жәбірленуші қыздың айтуынша, белгісіз біреу ВКонтакте әлеуметтік желісі арқылы оның сеніміне кірген адам 200 мың теңге қаражатын жымқырып кеткен.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Бұл алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында тәжірбиелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, шұғыл әрекет етті. Барлық қажетті шараларды іске асырып, нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті ер адам төмен пайызбен ақша аударып беремін деп жалған жарнама жасаған. Яғни, жәбірленуші қыз жарнамада көрсетілген нөмірге хабарласып, мобильды қосымшасы арқылы ақша аударым жасауға келісетінін айтқан. Сол кезде күдікті арам ойын жүзеге асырып, түскен ақшаны өз есеп шотына аударып алған. Бүгінде кінәсін мойындаған ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілі жатыр.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...