Жалған диплом және кезек жылжыту

Бүгінде алаяқтықтың түр-түрі көбейіп тұр. Маңдайы терлемей оңай ақша тапқысы келетіндер аңқау адамдарды сазға отырғызып кететін оқиғалар жиілеп барады, — деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі.

Мәселен, Сауран ауданының тұрғыны балаңа диплом алып беремін деп сеніміне кірген танысына бақандай 1,3 млн. теңге ұстатып жіберген.

Алаяққа да керегі сол, ақшаны өз қажетіне жұмсап, диплом мәселесін күн тәртібінен шығарып тастаған.

Енді тергеуге жауап беріп отыр.

Ал, тағы бір түркістандық тұрғын үй кезегін жылжытып беремін деген алаяқтың торына түсіпті. 450 мың теңге төлеген. Алдын ала.

Тәртіп сақшылары аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Полицейлер болған оқиғаға байланысты тергеп-тексеру амалдарын бастап кетті. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті әйел адам анықталып, бөлімшеге жеткізілді. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты. Тексеру барысында күдікті әйелдін алаяқтықтың 4 жайтына қатысы бары анықталды.

x

Check Also

Түркістан: Қазығұртта 1000 түп гүл және сәнді ағаш егілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Қазығұрт ауданынындағы орталық саябақта кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан ...

Шұғыл штабтың тәулік бойғы жұмысы: Түркістан облысы шегірткеге қарсы жою жұмыстарын жүргізуде

Шегірткемен күресте технологиялар мен стратегиялар: түркістан облысының жаңа тәсілі. Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары ...