Интернет-алаяқтық қылмыстары көбейіп барады

ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай интернет-алаяқтық қылмыстарын ашуда қандай қиындықтар бар екенін айтты.

«Биыл бізде 9 мыңнан аса интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді. Оның ішінде мамандар 2 мыңнан астам қылмысты ашты. Шамамен 37%-ы ашылмаған күйі қалып отыр. Дегенмен бұл жерде мынадай мәселе бар: Егер қылмыс жасаған адам шет мемлекеттердің аумағында болса, онда істі тергеу қиындайды. Өйткені, ол елдің құзырлы органдарымен ақпарат алмасу сияқты процестер ұзаққа созылады. Алайда, біздің қызметкерлер қылмыстың дәл қай жерде отырып жасағанын нақты анықтай алады», — деді Жандос Сүйінбай БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Алаяқтық азаяр емес. Биылғы жарты жылдықтың өзінде Қазақстанда 9,4 мың интернет-алаяқтық қылмысы тіркелген.

x

Check Also

Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан стандарттау және метрология саласындағы іс-қимыл жоспарын мақұлдады

2025 жылдың 20 мамырында Астанада Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті ...

Қазақстан энергетикасының даму стратегиясы мен инвестиция тарту мәселелері – министр Е.Ақкенженов пен ХВҚ миссиясының кездесуіндегі негізгі тақырыптар

Астана, 2025 жылғы 5 мамыр – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) миссиясымен жұмыс кездесуін өткізді. ...