Бижутерияны алтын деп ломбардқа өткізген

Түркістан облысының тұрғыны алтынға ұқсас металдан, пластмассадан жасалған әшекейлерді ломбардқа 4 млн теңгеге өткізген.

Жетісай аудандық полиция бөліміне ломбардтан арыз түсті.

Шағымданушы ер адамның айтуынша, сенімге кірген әйел алтынға ұқсас әшекейлерді алдап өткізіп, жәбірленушіге 4 млн теңге шығын келтірген.

Аталған факті ҚР ҚК 190-бабы бойынша тіркеуге алынды. Жергілікті тұрғын анықталды.

Белгілі болғандай, тұрақты тұтынушы болып күдікті әйел алғашқы уақытта алтынның өзін өткізіп, артынан әшекей алқаларды да қосып отырған.

Ал ломбард қызметкерлері алтындардың жасанды екенін байқамай қалған. Осылайша, жеңіл келген ақшаны бас пайдасына жаратқан.

Қазір күдікке ілінген әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

x

Check Also

Шымкентте дронның көмегімен 44 жастағы әйел қылмыс үстінде ұсталды

Ішкі істер министрлігінде полиция жұмысының тиімділігін арттыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық технологияларды жүйелі түрде енгізу жұмысы жалғасуда. ...

В Шымкенте прошли учения по гражданской защите «Қыс-2025»

В Шымкенте завершились двухдневные городские командно-штабные учения «Қыс-2025», направленные на отработку действий системы гражданской защиты в условиях зимних чрезвычайных ситуаций ...