Ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі ұсталды (видео)

Дикий Арманның оң қолы, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Нұржан Иманәлиев тұтқындалды, деп хабарлайды Xnews.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен негізгі қатысушылары қамауға алынғанына қарамастан, оның басқа мүшелері адвокаттардың қызметтерін қаржыландыра отырып, құқыққа қарсы қызметпен айналысуын жалғастыруда. Тергеу процесінің қатысушыларына бұқаралық ақпарат құралдары және интернет желісі арқылы қысым көрсетуде.

Әзірленген жоспарға сәйкес аталған топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесу үш кезеңде жүргізілді.

1-кезең. Халықаралық іздеуде жүрген, қылмыстық ортада “Нойс” деген лақап атымен белгілі Жұмагелдиевтің “оң қолы” басқаратын ұйымдасқан қылмыстық топтың негізгі криминалдық буынын жоюға бағытталды.

Мәселен, 19 сәуірде Алматы қаласының, Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының аумағында ауыр қылмыстарды жасауға, оның ішінде 2018 жылы Алматыда орын алған адам өлтіруге оқталуға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесі ұсталды.

2-кезең. Криминалдық ортада “Карась” лақап атымен белгілі “Дикий Арманның” тағы бір көмекшісі бақылайтын ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландыру арнасы жойылды. 25-26 сәуір аралығында Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында 130-дан астам тінту жүргізіліп, заңсыз ойын бизнесіне және аталған ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландыруға қатысы бар 53 фигурант ұсталды.

3-кезең. 12 шілдеде ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен бірлесе отырып, операцияның үшінші кезеңін іске асырды.

Сонымен қатар Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қостанай және Түркістан қалаларында “қаңтар оқиғасы” кезінде Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке белсенді қатысқан 18 фигурантты ұстады.

36 тінту іс-шарасы жүргізіліп, бірнеше шолақ қару, тапаншалар, пышақтар, кастет, діни әдебиет, сондай-ақ тәртіпсіздікке қатысқан күдіктілердің киімдері тәркіленді.

Айта кетейік, Айнұр Тұрсынбаева 1977 жылы дүниеге келген. «Нойс» лақап атымен танымал Нұржан Иманәлиев одан алты жас кіші әрі қоғамда оның Айнұр Тұрсынбаеваның үшінші күйеуі екені айтылады. Олар 2019 жылы бас қосқан. Ол Түркияда бизнеспен айналысады. Бірнеше жылжымайтын мүлікке иелік етеді. Соңғы жылдары Түркияға барған қазақстандық шоу-бизнес өкілдері мен ақындар Арман Жұмагелиев пен «оң қолына» қонаққа баруды әдетке айналдырған.

x

Check Also

XXI ғасырдағы цифрлық әдеттер

Қазақстандағы оқиғалар туралы ақпарат көздері. Цифрлық капитализм дәуірінде медиа мен желілік кеңістіктің конфигурациясы күрделене түсуде, сонымен қатар желілік кеңістік дәстүрлі ақпарат құралдарын ығыстыруда. Осындай кездерде ...

Туристов в Казахстане будут защищать с помощью QR-кодов

Глава государства на недавнем расширенном заседании Правительства подчеркнул стратегическую важность развития туризма и создания благоприятных условий для иностранных гостей. Министерство ...