Алғашқы жартыжылдықта 9,4 мың интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді

Жыл басынан бері Қазақстан аумағында 9 462 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай айтты.

«Биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде тіркелген интернет-алаяқтық қылмыстардың 1,3%-ға төмендеуі байқалады. Атап айтқанда, олардың саны 9 585-тен 9 462-ге дейін кеміді. Ауыстырылатын нөмірлерден жасалатын интернет-алаяқтық 34%-ға азайды. Сонымен қатар, биыл министрлік киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған ведомстволық бағдарламаны іске асыруға кірісті. Осы бағдарлама шеңберінде бар проблемаларға жан-жақты талдау жүргізіліп, бірқатар ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылдануда», — деп мәлім етті Жандос Сүйінбай.

Оның айтуынша, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, ұялы байланыс операторларының антифрод-жүйелерінің дерекқорларын интеграциялау жұмысы жүргізілген. Яғни, қабылданған техникалық шаралар халықаралық трафик арқылы өтетін қазақстандық абоненттік нөмірлерге фрод-қоңырауларды анықтауға және бұғаттауға мүмкіндік берді.

x

Check Also

С космодрома Байконур стартовал грузовой корабль «Прогресс»

С Байконура в 00.32.40 по времени Астаны с площадки №31 запущена ракета «Союз-2.1а» с грузовым транспортным кораблем «Прогресс МС-31». Стыковка ...

Қосымша білім беру саласы цифрландырылып жатыр

Мемлекет, қоғам және отбасы үшін басты міндеттердің бірі — өскелең ұрпақтың білімін, дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып отыр. Бұл ...