Алаяқтар үш айда 500 адамның атынан кредит алған — Xnews — ақпарат агенттігі

Алаяқтар үш айда 500 адамның атынан кредит алған

Биыл үш айда қаржы ұйымдарында займ рәсімдеумен байланысты 500 алаяқтық фактісі тіркелді. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Цифрландырудың және қашықтан қызмет көрсетудің дамуымен қатар кредит беру нарығында алдау арқылы азаматтарға жалған займ рәсімдейтін алаяқтар бесенді бола түсті. 2022 жылы ішкі істер органдары банктер мен микроқаржы ұйымдарда займ рәсімдеумен байланысты 3 мың алаяқтық фактісін тіркеді. Осы жылдың 3 айында займ бойынша алаяқтықтың шамамен 500 фактісі тіркеліп отыр», — дейді Үкімет басшысы жауабында.

Дегенмен, Премьер-Министр еліміздің Ішкі істер министрлігі халық назарына интернет алаяқтыққа қатысты статистикалық мәліметтерді үнемі жеткізетіндігін атап өтеді.

x

Check Also

Жол апаттары азайғанымен, балалар өлімі алаңдатып отыр

2026 жылдың 10 айында Түркістан облысы бойынша 993 (2025 жылдың 10 айында — 1032) жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың ...

Электр энергетикасы – жаңа дәуірдің қозғаушы күші

Қазіргі әлем электр энергиясы экономикалық және технологиялық дамудың негізгі ресурстарының біріне айналған кезеңге қадам басты. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі, цифрландыру, жаңа ...