Алаяқтар белгілі блогерлер мен агенттік басшыларының есімдерін пайдаланып, халықты алдай бастаған

Қаржы нарығын реттеу агенттігі алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болғанын ескертті, деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі

Агенттік интернет кеңістігінде «Webtrader» инвестициялық компаниясының сайтына сілтеменің белсенді таратылып жатқанын хабарлады. Онда қысқа мерзім ішінде кепілдік берілген инвестициялық кіріс уәде етіледі. Азаматтарды көп тарту үшін және олардың сеніміне ие болу үшін алаяқтар белгілі блогерлер мен агенттік басшыларының есімдері мен фотосуреттерін пайдаланады.

«Агенттік ресми түрде агенттік басшыларының немесе қызметкерлерінің биржалық нарықтарда бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сатып алуды ұсынбайтынын және жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражатын тартпайтынын ескертеді», делінген агенттік хабарламасында.

Агенттік азаматтарды қырағы болуға және алаяқтардың қулықтарына ермеуге шақырып, қаржылық алаяқтарға кез болған жағдайда, тұрғылықты жердегі құқық қорғау органдарына дереу хабарласуға кеңес береді.

Ал лицензияланған брокерлер тізімімен агенттіктің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында танысуға болады. Агенттіктің интернет-ресурсында көрсетілген инвестициялық делдалдың деректемелері брокер лицензиясындағы деректемелермен сәйкес келуі тиіс.

Қаржы реттеушісінің интернет-ресурсында азаматтар Агенттікке шағымдармен жүгінген лицензияланбаған «инвестициялық делдалдардың» тізімі де орналастырылған. 

x

Check Also

Дроны помогли задержать наркосбытчицу с 2 кг синтетики в Шымкенте

Правоохранители стали всё чаще использовать БПЛА в обеспечении правопорядка. Дроны задействованы в дорожном патрулировании, для контроля на массовых мероприятиях и ...

Шымкентте дронның көмегімен 44 жастағы әйел қылмыс үстінде ұсталды

Ішкі істер министрлігінде полиция жұмысының тиімділігін арттыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық технологияларды жүйелі түрде енгізу жұмысы жалғасуда. ...