Алаяқ «AnyDesk» қосымшасы арқылы несиелер рәсімдеген

Полицейлер бейтаныс адамдардың өтініші бойынша AnyDesk қашықтан басқару қосымшасының мобильді құрылғысын орнатудың қауіптілігі туралы тағы да ескертеді.

Бұл қосымша алаяқтарға телефон кітапшасына, мобильді банктерге, гаджеттің жадында сақталған жеке деректерге және оны басқаруға толық қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Мәселен, 26 маусым күні Ерейментау АПБ-ға 36 жастағы жергілікті тұрғыннан алаяқтық дерегі туралы өтініші келіп түсті. Ер адам өзінің ұялы телефонына белгісіз тұлға қоңырау шалғанын және өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, оның шотында күдікті әрекеттер жасалып жатқандығы туралы хабарлады.

Алаяқ жәбірленушіні мобильді құрылғысына AnyDesk қашықтан қол жеткізу қосымшасын орнату қажеттілігіне сендірді.

Қылмыскер белгілі алаяқтық схема бойынша әрекет еткеніне қарамастан, жәбірленуші бұл туралы алаңдамады және ол оның нұсқауларын орындады. Нәтижесінде, қылмыскер смартфонды қашықтан басқаруға қол жеткізе отырып, ер адамға HalykBank және Eurasian Bank-та несие рәсімдеп, бұл қаражатты жеке шоттарға шығарды. Жалпы залал сомасы 3 млн 318 мың теңгені құрады.

Аталған дерекке қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті адамды анықтау бойынша жедел-тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

x

Check Also

Қазақстан әлемдегі топ-100 суперкомпьютер қатарына енді

Ұлттық суперкомпьютер «Alem.Cloud» әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің халықаралық рейтингі TOP500 тізімінде 86 орынды иеленді. Бұл рейтингке тек HPL (High-Performance ...

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның ...