Алаяқ Алматыда тұрады екен

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында белгісіз біреу құжаттарын пайдаланып, түрлі банктерден 2 млн теңгеге жуық несие рәсімдегенін көрсетеді. Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркеуге алды.

Кентаулық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы тұрғынын ұстады. Анықталғанындай, жәбірленуші күдіктінің «төмен пайызбен несие шығарып беремін» деген сөзіне сеніп, алдын ала құжаттарын берген. Ал, күдікті ер адам оның құжаттарын пайдаланып, ірі көлемде несие рәсімдеген.

Күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

x

Check Also

Түркістан: Қазығұртта 1000 түп гүл және сәнді ағаш егілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Қазығұрт ауданынындағы орталық саябақта кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан ...

Шұғыл штабтың тәулік бойғы жұмысы: Түркістан облысы шегірткеге қарсы жою жұмыстарын жүргізуде

Шегірткемен күресте технологиялар мен стратегиялар: түркістан облысының жаңа тәсілі. Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары ...