30 млн-ды жұмсап жіберген — Xnews — ақпарат агенттігі

30 млн-ды жұмсап жіберген

Түркістан облысында ауыл тұрғындарын мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп 30 млн теңге қарызға батырған күдікті ұсталды.

Сауран аудандық полиция бөліміне алаяқтың құрбаны болған 40-тан астам ауыл тұрғыны шағым түсірді. Олардың айтуынша, таныс ер адам мемлекеттен қайтарымсыз несие алуға көмектесетінін айтып, алдын ала әрқайсысынан 300 мыңнан екі млн теңгеге жуық ақшаларын алған. Одан кейін алаяқ бір жыл бойы тұрғындарға берген уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай әбігерге салған.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Осы жайтқа байланысты алаяқтық қылмысын ашу мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді. Ол бұрын сотты болған жұмыссыз, Түркістан тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында ұсталған ер адам алдау жолымен алған 30 млн теңгеге жуық қаражатты өзінің қажеттілігіне жаратып жібергенін мойындады. Қазір күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

x

Check Also

Еңбек құқықтарын қорғау – Конституция кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты маңызды құқықтық ұстанымын білдірді. Атап айтқанда, 2026 жылғы 8 маусымдағы ...

В День знаний в Туркестанской области введены в эксплуатацию 9 новых школ и пристроек

В Туркестанской области в День знаний введены в эксплуатацию новые школы. Одна из них открылась в Казыгуртском районе Туркестанской области. ...