Шымкентте бір миллион бауырсақ пен құрт таратылды

Шымкентте алғыс айту күніне орай ұйымдастырушылар қала қонақтары мен тұрғындары үшін бір миллион бауырсақ пісірді, деп хабарлайды  Otyrar.kz.

Дәмі тіл үйіретін бауырсақтарды әйелдер қауымы түнімен пісірген. Ал таңертең ұйымдастырушылар арнайы ат арбамен бауырсақ пен құртты қала бойынша таратып шыққан.

«Көп рахмет, өте керемет және қуантарлық жайт. Құрт өте дәмді, бауырсақтар да керемет. Баршаңызға рахмет», — дейді Шымкент тұрғындары.

Шымкенттіктер Алғыс айту және көктемнің алғашқы күнін осындай мерекелік көңіл-күймен қарсы алды.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...