Үшінші мегаполисте жаңа жылдық мерекелік концерт өтті

Шымқала тұрғындары мен қонақтары жаңа жылдық мерекелік концертті тамашалады. «Қош келдің, Жаңа жыл!» салтанатты іс-шарасына танымал өнер жұлдыздары қатысты.

Мерекелік бағдарламаны «Байдың балалары» көңілді тапқырлар клубының мүшелері жүргізіп, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Концертте Майра Мұхамедқызы, Тамара Асар, Төреғали Төрәлі, Еркін Нұржанов, Сағын Өмірбайұлы, «Жұмыр қылыш» тобы қатысып, өнерлерін көпшілікке паш етті. Өнер жұлдыздары қонақтарды мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін арнады.

Әл-Фараби алаңында сағат 21:00-де басталған концерт соңы мерекелік отшашуға ұласты.

Дереккөз: Otyrar.kz

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...