«Үлкенге құрмет» акциясы жалғасуда

«Қарты бар үйдің қазынасы бар»деген аталы сөз текке айтылмаса керек.

Бүгін «Жастар ресурстық орталығы КММ-нің ұйымдастыруымен белсенді жастар Арыс және Көкмардан елді-мекендерінің зейнет жасындағы жалғызбасты қарт ана Бектұрғанова Есенкүл мен 87 жастағы қария Жанқұл Арысбаев ақсақалдың үйлеріне барып, үй-шаруасы мен ауласын қардан тазалау жұмыстарына жәрдем көрсетті.

Қазыналы қарияларымызға қол ұшын беріп, оларға мейірім көрсету біздің басты борышымыз болып табылады. Игілікті шара барысында көпті көрген көнекөз қарттарымыз жастарымызға өз алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

x

Check Also

Нұралхан Көшеров ҰОС ардагерінің отбасына арнайы барып құттықтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмен Мұратовтың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Сонымен ...

Түркістан: Жеңіс күні қарсаңында Райымбек Сейтметов театрында жаңа қойылым көрерменге жол тартты

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бүгін Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында Жұмекен Нәжімеденовтың «Хат тасушы» қойылымы сахналанды. Қойылымда ...