Үкімет 2027 жылға дейін ауылдарда 40 мың жаңа жұмыс орнын құрмақшы

Премьер-Министр Әлихан Смайылов 2027 жылға дейін ауылдарда 40 мың жаңа жұмыс орны құрылатынын мәлім етті.

«Биыл жалпы құны 143 млрд теңгеге 1,5 мың жоба жоспарланған. 2027 жылға қарай ауылдық елді мекендерде судың сапасы мен жолдардың жағдайы жақсарады, инженерлік желілер жөнделіп, әлеуметтік, мәдениет және спорт объектілері салынады. 40 мыңға жуық жұмыс орны құрылады», — деді ол Үкімет отырысында.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, жобадағы іс-шаралар ауылдардың дамуына жаңа серпін беруі керек.

Ал, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың мәліметі бойынша, шекараға жақын жатқан ауылдарда 1,7 млн адам тұрып жатыр.

x

Check Also

«Дауыс» Коалициясының байқаушылары барлық учаскелерде дауыс беру барысын бақылауға қатысты

«Дауыс» Коалициясының байқаушылары 6 қазанда еліміздегі барлық ашық дауыс беру учаскелерінде дауыс беру барысын бақылауға қатысты. Барлығы тоғыз жарым мыңға ...

Алдын ала қорытынды: Референдумға 7,8 млн қазақстандық қатысты

Алдын ала қорытынды: 7 млн 820 мың 918 адам: Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,87 пайызы таңдау жасаған Аймақтар бойынша ...