Түркістан облысында жолдар түгел ашылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында жолдар түгел ашылды

Түркістан облысында ауа райының күрт құбылуынан қалың қар жауып, облыстық маңызы бар 8 жол жабылған болатын. Аталған мәселе облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауына алынып, жедел жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде өңірдегі жолдардың бәрі қардан тазартылды. Қазіргі таңда автокөліктер еш кедергісіз жүре алады.

Өңірде боран мен жел салдарынан елді мекендерде электр желілері зардап шеккен болатын. 778 бағана құлап, күрделі жағдай қалыптасты. Бұл бағытта да ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. 35 бригада мен 44 техника жұмыс істеуде. Атап айтсақ, Созақ, Сауран, Қазығұрт, Отырар, Бәйдібек аудандары мен Кентау қаласында жедел іс-шаралар қолға алынды. Арнайы бригадалар жасақталып, ауылдарға электр жарығы берілуде.

6 қаңтардағы мәлімет бойынша 3 аудандағы 13 елді мекенде электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, Қазығұрт ауданында 3 елді мекен, Бәйдібек ауданындағы 8 елді мекен және Созақтағы 2 ауылға электр жарығы енді берілмек. Бұған дейін жедел жұмыстар нәтижесінде ондаған ауылға электр жарығы берілген болатын.

x

Check Also

Еңбек құқықтарын қорғау – Конституция кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты маңызды құқықтық ұстанымын білдірді. Атап айтқанда, 2026 жылғы 8 маусымдағы ...

В День знаний в Туркестанской области введены в эксплуатацию 9 новых школ и пристроек

В Туркестанской области в День знаний введены в эксплуатацию новые школы. Одна из них открылась в Казыгуртском районе Туркестанской области. ...