Түркістан облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды

Түркістан облысында облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды. Облыс әкімдігінің барлық құрылымдары штаттық режимде жұмыс істеуде.

Түркістан облысы аумағында қалың қар жауып, ақ түтек боран басталды. Күн суыту жолдардың барлығында көліктердің жүруіне кедергі келтіруде. Дамылсыз соққан жел жүргізушілер мен жолаушыларды әбігерге салуда. Осындай ауа райының тосын мінез танытып, ысқырып соққан суық желінде азаматтардың амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, ТО ПД-ның тиісті сала қызметкерлері республикалық, облыстық маңызы бар жолдарға жұмылдырылды.

Автомобиль жолдарында: тас жолдың учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысты шектеу немесе жабу туралы шешім қабылданды (қар, жел, боран, нөлдік көріну).

Облыстық маңызы бар 4 жол жабық:
1. Созақ ауданы облыстық автожол КХ-2 «Ұланбел-Созақ-Екпінді» учаскесі «Шаян-Шолаққорған» 237 шақырымнан 260 шақырымға дейін.
2. Сауран және Созақ ауданы, аудандық маңызы бар КХ-56 «Жамбул облысының шекарасы Құмкент-Шолаққорған-Ащысай-КХ-190» жолы 40 шақырымнан 124 шақырымға дейін (жол Шолаққорған ауылынан Ащысай ауылына дейін жабық).
3. Бәйдібек ауданы, аудандық маңызы бар КХ-1 автожолы «Жамбул облысы шекарасы Қошқар ата-Жарықбас-Бірлік-КХ-1» 0 км-ден 65 км-ге дейін.
4. Төлеби ауданы, аудандық маңызы бар Х-28 «Көксәйек-Нысанбек Х-28» 0 км-ден 10 км-ге дейін.

1 республикалық маңызы бар «Қорғас – Алматы – Тараз – Шымкент – Ташкент» 593 – 652 (Жамбыл облысы қ. – Машат ауылы) жол жабылды.

Осыған байланысты облыс тұрғындарын аса қажет болмаса жолға шықпауға шақырамыз. Шыққан жағдайда көлікті дайындап, көп мөлшерде жанар-жағармаймен шығуды, көлікте қосымша сыртқы киімдер, азық-түлік алуды ұсынамыз.

Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтап, жылдамдықты асырмауға шақырамыз.

Полицейлер, азаматтарды күн райының өзгеруін бақылап, ескерту хабарламаларын назарға алуға кеңес береді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысында қант диабетін анықтау бойынша ашық есік күні өтеді

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының Эндокринологиялық орталығы 14 қараша күні ашық есік күнін өткізеді. Шараға келген барлық азаматтар қандағы қант деңгейін ...

В Туркестане стартовал республиканский семинар по совершенствованию работы центров поддержки семьи

В Туркестанской области стартовал республиканский обучающий семинар для сотрудников центров поддержки семьи и мобильных групп. Семинар проводится по инициативе Министерства ...