Созақ ауданында боран салдарынан құлаған электр бағаналары толық қалпына келтірілді

Түркістан облысы, Созақ ауданы аумағында қар аралас жауын мен қатты дауыл салдарынан тау бөктеріндегі ауыл округтері мен елді мекендерде электр бағаналары жартылай құлап, сымдары үзілді. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков шұғыл түрде зардап шеккен елді мекендерді аралап, боран салдарын жою, электр желісін қалпына келтіру үшін әр ауыл округ бойынша жауапты етіп тиісті бөлім, мекеме басшыларын бекітіп, арнайы тапсырмалар жүктеген болатын.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан, өзге аудан, қалалардан арнайы бригадалар мен аудан әкімдігі қызметкерлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, уақытпен санаспай жұмыс атқара білді. Аудан басшысы әр күні жұмыс басында болып, күнде кешкі сағат 21:00-де жауапты мамандармен жиын өткізіп, жоспарларды саралап отырды. Сонымен қатар аудан аумағындағы өндіріс орындары мен «ТорланСтрой» ЖШС арнайы техникалармен көмек берсе, бірқатар елді мекен тұрғындары арасынын ел ағалары мен ерікті жастар аталған жұмысқа ұйымшылдықпен жұмыла білді.

Бүгінгі таңда күшейтілген жұмыстар нәтижесінде, қалған Абай елді мекенінде құлаған электр бағаналары толықтай қалпына келтіріліп, электр жарығы берілді.

x

Check Also

Түркістан: Төлебиде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік шара өтті

Түркістан облысы, Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шара «Жеңіс» саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын ...

Түркістан: Кентауда 100 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

Биыл 9 мамыр – Ұлы жеңіске 80 жыл. Осы айтулы мереке қарсаңында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров 100 жастағы Ұлы ...