Саяси партиялар үшін бәсекелестікте тең мүмкіндік тудырады

Мемлекет басшысы Мәжілісті таратып, мәслихаттардың өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Депутаттық корпустың жаңа шақырылымын сайлау 19 наурызға белгіленді.

Сайлаудың тағайындалуы – біраздан бері күтіп отырған жаңалығымыз. Президент былтыр күздегі Жолдауында Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы осы жылдың бірінші жартысында өтетінін мәлім еткен еді. Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау – Конституциялық реформаға сәйкес саяси жүйені жаңғыртудың бір кезеңі.

Енді сайлаушылардың дауысын жинауға тек саяси партиялар ғана емес, партияда жоқ азаматтар да таласа алады. Бұл бір мандатты сайлау округтері бойынша сайлау өткізу арқылы мүмкін болады.

Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Яғни депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Бұл Жаңа Қазақстандағы басты жаңашылдық деп білемін. Әсіресе халық арасынан шыққан, өз замандастарына шынымен жаны ашитын, сол жұртшылықтың қолдауына ие болған адамдар енді саясат сахнасына шыға алатынына разымын.

Қарапайым халық кез келген сайлаудан әлеуметтік жағдайдың жақсаруын, ел тұрмысының оңды өзгеруін күтеді. Сол қатарда өзім де бармын.

Сайлау — халықтың мемлекетті басқаруға қатысуының, бақылауының негізгі нысаны. Сайлаудағы әрбір дауыс маңызды. Өйткені, ол барша қазақстандықтардың болашағы. Белсенді болайық! Бірге болайық!

Тұрар ОМАРОВ,
Кентау қаласындағы №1 мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...