Саяси науқанға тиянақты дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 30 қаңтары күні облыс аумағында жұмыс жүргізетін саяси партиялар филиалдары басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өтті. Бұл туралы Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды.

Семинар-кеңеске «Amanat партиясы» облыстық филиалының атқарушы хатшысы А. Д. Үмбеталиев, «Ауыл халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» облыстық филиалының төрағасы Н. Н. Әжіметов, «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» облыстық филиалының төрағасының орынбасары Н. Есенбаев, «Қазақстан Халық партиясы» облыстық филиалының төрайымының орынбасары Т. А. Тұрғанбай, «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» облыстық филиалының төрағасы Б. С. Нәлібай, «Respublica партиясы» облыстық филиалының төрайымы Б. М. Срақұлова қатысты.

Кеңесте 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына саяси партиялардың қатысуы, партиялық тізіммен депутаттыққа кандидаттар ұсыну, сайлау жарнасы және қоры, тағы басқа мәселелер көтерілді.

Сонымен бірге, олардың заң талаптарына сай депутаттыққа кандидаттарды ұсыну барысында туындап жатқан сұрақтарына толыққанды жауаптар беріліп, пікір алмасты. Жұмыс барысында туындайтын сұрақтары болса хабарласып, жауаптар алуларына болатындығы айтылып, нақты келісілді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...