Құлаған электр бағаналары қалпына келтіріліп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Құлаған электр бағаналары қалпына келтіріліп жатыр

Түркістан облысында қатты желден құлаған электр бағаналары қалпына келтіріліп, үзілген электр тасымалдау желілері жөнделіп жатыр.

Соңғы ақпараттарға сәйкес, Бәйдібек пен Созақ аудандарында 15 электр бағаналары қалпына келтірілді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен қосымша арнайы техника көмекке келген болатын. Екі ауданға “Оңтүстікжарық” мекемесінің жөндеу бригадалары жұмылдырылды. 3,5 мыңнан астам абоненттің 2 мыңға жуығына жарық берілді. Екі ауданда 27 арнайы бригада мен 30-дан астам арнайы техника жұмыс істеуде. Сала басшылары үзілген электр желілерді жалғау жұмыстары бірнеше күнге жалғасатынын жеткізді.

Түркістан облысында қар басқан жолдарды жауапты мекеме қызметкерлері тәулік бойы тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нәтижесінде облыстық маңызды бар жолдардың басым бөлігі толық ашылды. Ауыр техникалар тоқтамастан асудағы 25 шақырымдай жолдың қарын күреп шықты. Кентау-Ащысай елдімекені аралығындағы жол мен Ащысай-Шолаққорған бағытындағы жолдар қардан тазартылды. Бұдан бөлек, Бәйдібек ауданындағы Бірлік-Жарықбас бағытындағы жолды ашу жұмыстары жүргізілді. Жарықбас-Қошқарата елді мекендері аралығындағы жолды қардан тазалау жұмыстары аяқталды. Созақ ауданындағы Жаңатас бағытындағы жолдарды қалың қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетсек, қазіргі таңда аймақта ауа райы бірқалыпты. Келген залалдарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасады.

Еске салсақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты Түркістан облысының бірнеше ауданындағы елдімекендер жарықсыз қалған болатын. Демалыс күндері соққан боран оңтүстік жұртын әбден әбігерге салды. Өңірде қатты боран салдарынан электр бағаналары құлаған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...