Қазығұртта табиғи тыңайтқыш өндіру дамып келеді

Қазығұрт ауданында шылаушын құртын өсіріп, құнарлы тыңайтыш өндіретіндеру кеңінен етек жайып келеді.

Алтынтөбе ауыл округі, Қаржан елді мекенінің тұрғындары жеке тұрғын үйінің ауласында калифорниялық (шылаушын) жер тыңайтуға арналған қызылқұрт өсіріп жатыр. Бұл кәсіптің тиімділігі — калифорниялық шылаушындар малдың көңін «жеу» арқылы құнарлы қара топыраққа айналдырады. Дайын болған биогумусты алқапты егіншілікте, жылылайларда пайдаланған өте қолайлы. Құнарлы топырақ тамырлы көкөніс өсіруде өнімді арттырады.

Биогумус өндіруге бел буған Тастанова Дамира 30 шаршы метр көңде 90 мың шылаушын, Сарманова Ләйла 20 шаршы метр көңде 60 мың шылаушын, Дүйсебеков Акылбек 30 шаршы метр көңде 90 мың шылаушын асырап отыр. Орта есеппен 30 шаршы метр көңнен 4 куб биогумус өндіріледі. Халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуына өте тиімді, көп қаржылық шығынды қажет етпейтін кәсіп түрін тұрғындар дамытуды жоспарлап отыр.

Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...