Қаңтар оқиғасы: Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов заңсыз бұйрық берген — Xnews — ақпарат агенттігі

Қаңтар оқиғасы: Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов заңсыз бұйрық берген

Әскери сотта Қорғаныс экс-министрі Бектановтың ісі бойынша тыңдау жүріп жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті.

«Одан бөлек, әскери сотта Қорғаныс экс-министрі Бектановтың ісі бойынша тыңдау жалғасуда. Тергеуге сәйкес, ол төтенше жағдай кезеңінде заңсыз бұйрық берген және стратегиялық нысандарды әскерилердің күзетінсіз қалдырған. Бұрынғы Қорғаныс министрі елімізде конституциялық тәртіп орнату жөнінде шаралар қабылдамаған», — деді Б. Асылов.

Сондай-ақ, ол сот Мұрат Бектановтың іс-әрекеттеріне түпкілікті баға беретінін және оның жазасын анықтайтынын атап өтті.

«Тәртіпсіздікке қатысқандар, әсіресе, Алматыда саны жағынан басым болған. Олар қоршауды бұзған, полиция мен Ұлттық ұлан күштерін басып, халыққа зорлық-зомбылық жасаған. Соның салдарынан қылмыскерлер қолынан адамдар қаза болған, қалалар тоналған және өртелген. Сондықтан Бектанов ұрыс жағдайында жасалған билікті асыра пайдалану бойынша айыпталып отыр (ҚК-нің 451-бабының 3-бөлігі). Сот оның іс-әрекеттеріне түпкілікті баға береді және оның жазасын анықтайды», — деді Бас прокурор.

Былтыр, 21 ақпанда бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», — деп жазылған ҚР Бас Прокуратурасының хабарламасында.

x

Check Also

Жол апаттары азайғанымен, балалар өлімі алаңдатып отыр

2026 жылдың 10 айында Түркістан облысы бойынша 993 (2025 жылдың 10 айында — 1032) жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың ...

Электр энергетикасы – жаңа дәуірдің қозғаушы күші

Қазіргі әлем электр энергиясы экономикалық және технологиялық дамудың негізгі ресурстарының біріне айналған кезеңге қадам басты. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі, цифрландыру, жаңа ...