Қаңтар оқиғасы кезінде басшыларға жұмыс орнын тастап кету туралы бұйрықты Мәсімовтің өзі берген — Xnews — ақпарат агенттігі

Қаңтар оқиғасы кезінде басшыларға жұмыс орнын тастап кету туралы бұйрықты Мәсімовтің өзі берген

Бұл өз кезегінде жеке құрамның рухын түсірді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті.

«Аумақтық күштік органдар басшыларының билікті асыра пайдалануы туралы фактілерге жеке тоқталғым келеді. Жаппай тәртіпсіздіктер шегіне жеткен кезде Алматы қаласы, Алматы облысы мен Қызылорда облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жеке құрамының барлығы өз ғимараттарын тастап кеткен», — деді Б.Асылов.

Тергеу мәліметі бойынша 5 қаңтарда жеке құрамның ғимараттан кетуге дайындалуы керектігі жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Садықұловтың нұсқау келіп түскен.

«Мәсімовтің тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жеке құрамы жұмыс орындарын тастап кеткен. Сондай-ақ басшылықтың нұсқауы бойынша Алматы және Жамбыл облыстарының Полиция департаменттері өз ғимараттарын тастап кеткен. Турасын айтқанда, осы басшылар әлсіздік танытты. Бұл өз кезегінде жеке құрамның рухын түсірді. Соның салдарынан тәртіпсіздіктің жолын кесу бойынша шаралар уақтылы қабылданбаған», — деді Бас прокурор.

Осы орайда ол Алматы мен Талдықорған 2 күн бойы қарулы содырлардың билігінде болғанын айтты. Олар қару-жарақтың үлкен арсеналы – 3 мыңға жуық автомат, пистолет, снайперлік винтовка және он мыңдай оқ-дәріні тонап кетті. Яғни, осы басшылардың кесірінен ең қауіпті атыс қарулары бүлікшілердің қолына түсті. Әлі күнге дейін 2 мыңға жуық қарудың қайда екені белгісіз. Арнайы прокурорлар билікті асыра пайдаланудың осы фактілері бойынша тергеуді аяқтады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 3 аумақтық департаментінің экс-басшылары, Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы және басқа адамдарға қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды. Қазір сот талқылауы болып жатыр. Олардың кінәсінің дәрежесі мен жаза түрін сот анықтайды», — деді Б. Асылов.

Оның сөзіне қарағанда, Жамбыл облысы Полиция департаментінің экс-бастығына қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды.

x

Check Also

Жол апаттары азайғанымен, балалар өлімі алаңдатып отыр

2026 жылдың 10 айында Түркістан облысы бойынша 993 (2025 жылдың 10 айында — 1032) жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың ...

Электр энергетикасы – жаңа дәуірдің қозғаушы күші

Қазіргі әлем электр энергиясы экономикалық және технологиялық дамудың негізгі ресурстарының біріне айналған кезеңге қадам басты. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі, цифрландыру, жаңа ...