Қаңтар оқиғасы – ел ішіне іріткі салғысы келгендердің әрекеті

Өткен жылы дәл осы уақытта қазақ халқы үшін қайғылы қаңтар оқиғасы орын алды. Бұл ел тарихындағы ең қасіретті кезең болды. Бейбіт еліміздің басына бұлт үйірілді.

2022 жыл ауыр оқиғамен басталды. Бұл күні облыс орталықтары мен ірі қалаларда бейбіт шеруге шыққан халықты арандатушылар көп болды. Солардың зардабынан көптеген ғимараттар өртеніп, төңкеріс басталды. Мемлекеттілігімізден ажырап қала жаздадық. Осы тұста ел бірлігі мен тұтастығын сақтауда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы салиқалы саясат жүргізе білді. Төңкерісшілер мен арандатушылардың жолын кесу үшін батыл әрекет етті.

Бұл күн бәріміз үшін үлкен сабақ болды. Бірлігіміз шайқалды. Төңкерілісшілер бейбіт халықтың қыршынынан қиылуына себепкер болды, ғимараттарға басып кіріп, тәртіпсіздік жасады. Әкімдік ғимараттарын тас-талқан етті. Полицейлердің қызметтік көліктерін, одан қалса бейбіт халықтың көліктерін жол бойында тоқтатып, күш көрсетіп, өртеді. Бұл көріністердің барлығы жүрегімізге ауыр тиді.

Бүгін міне, ҚР Парламентінің Мәжілісінде қаңтар оқиғасы бойынша арнайы тыңдау тікелей эфирде өтті. Тыңдауда Бас прокурор мен құқық қорғау органдары басшылары есеп берді.

«Бұл күні қасиетті Тәуелсіздігімізге орасан зор қатер төнді. Көптеген ірі қалалардың ғимараттары өртке оранып, астаң-кестең болды. Басты құндылығымыз – адам өміріне қауіп төнді. Президент қабылдаған батыл қимылдар нәтижесінде ғана елге төнген қауіп-қатердің беті қайтты. Ол күндері барлық заңнама бұзылды. Өкінішке орай, қоғамда бейбіт митинг өткізу мәдениеті қалыптаспағанын мойындауымыз қажет. Адамдар жиналып, көшеге шыққанда, бейбіт митинг туралы заңның барлық нормалары бұзылды», — деді Бас прокурор.

Бас прокурор атап өткендей, қаңтардағы оқиға мемлекеттік төңкеріс жасағысы келгендердің мұқият жоспарланған операциясы, іс жүзінде төңкеріс әрекеті болды. Бас прокурордың баяндауынша, қаңтар оқиғасы бойынша соттар 1 221 адамға қатысты істі қарады, соның арасында 1 205 адам сотталды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында рақымшылық жасау туралы атап өтті. Осы орайда «Рақымшылық жасау туралы» заң қабылданды. Заң аясында арандатушылардың айтқанына көніп, жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыс жасағандар жазадан босатылды. Рақымшылық 1 095 адамға қолданылды.

Иә, халық бейбіт шеруге шықты. Өз талаптарын билікке нақты қоя білді. Алайда, бес саусақ бірдей емес. Халықтың арасында іріткі салатындар да бар. Солардың зардабы осындай жағдайлардың болуына әсер етті. Бұл күн – баршамыз үшін ең ауыр әрі қасіретті күн. Бұндай оқиға енді қайталанбай, көк туымызды биік ұстап, ынтымағымыз бен мызғымас бірлігімізді нығайта берейік!

Жансерік ЖҰМАН,
Түркістан қалалық мәслихатының депутаты

x

Check Also

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжаттар қабылдау басталды. Конкурсқа 35 жасқа дейінгі, мәдениет, ғылым, медиа және спортта жетістіктері бар қазақстандықтар қатыса ...

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды пайдаланудың 2024 жылдың 9 айындағы нәтижесі

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жалпы сомасы шамамен ...