Қаңтар оқиғасы бойынша 315 адамға қатысты 127 қылмыстық іс тергеліп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Қаңтар оқиғасы бойынша 315 адамға қатысты 127 қылмыстық іс тергеліп жатыр

Былтырғы қаңтар оқиғасы бойынша 315 адамға қатысты 127 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті.

«Қазір 315 адамға қатысты 127 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Олар бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда. Тергеу нәтижесін міндетті түрде қоғамның назарына жеткізетін боламыз», — деді Б. Асылов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қаңтар оқиғасынан кейін рақымшылық 1 095 адамға қатысты қолданылды.

Сонымен қатар, қаңтардағы азаптаулар туралы шағымдар бойынша 329 қылмыстық іс қозғалды.

Бас прокурордың айтуынша, бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов заңсыз бұйрық берген.

x

Check Also

Мемлекет басшысы Құрылтай отырысында Вице-Президент және Премьер-министр лауазымдарына кандидатураларды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысына қатысып, Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Вице-Президенті мен Премьер-министрінің кандидатураларын Құрылтай депутаттарымен келісті. Мемлекет басшысының ...

Президент Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Құрылтайындағы саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді. Кездесуде Президент жаңа Конституцияның 46-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына ұсынылған ...