Ордабасыда сенаторлармен кездесу өтті

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев жұмыс сапарымен Ордабасы ауданына келді.

Сенаторлармен болған жиынға ауданның ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың төрағалары, мәслихат депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері, ауылшаруашылық саласының мамандары және жастар өкілдері қатысты.

Парламенттің жоғарғы палата депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауларындағы маңызды мәселелерге, оның ішінде елдің әлеуетін арттыруға бағытталған міндеттердің жүзеге асырылуы туралы сөз қозғады.

Сондай-ақ “Әділетті Қазақстанды” құрудағы Президент пен Үкіметтің, Парламенттің қолға алып жатқан саяси, әлеуметтік реформаларына кеңінен тоқталды.

Негізгі баяндамалардан соң жиын сұрақ-жауап қою форматына ұласты. Қатысушылар сенаторларға азық-түлік қауіпсіздігі, тарихи-мәдени жаңғырту, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, білім беру саласын дамыту сияқты мәселелер төңірегінде сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауаптар берілді.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан: Қазығұртта 1000 түп гүл және сәнді ағаш егілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Қазығұрт ауданынындағы орталық саябақта кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан ...

Шұғыл штабтың тәулік бойғы жұмысы: Түркістан облысы шегірткеге қарсы жою жұмыстарын жүргізуде

Шегірткемен күресте технологиялар мен стратегиялар: түркістан облысының жаңа тәсілі. Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары ...