Мемлекеттігімізді сақтап, өсіп-өркендеуіміз үшін ел бірлігі ауадай қажет

Қаңтар оқиғасында еліміздің қалаларында мыңдаған адамдар алаңға шықты. Бейбіт мақсатта басталған шерулер бей-берекетсіздікке, тәртіпсіздікке, ұрлыққа, тонауға, кісі өлтіруге ұласты. Теріспиғылды топтар мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылды.

Мемлекет басшысының табандылығы арқасында шаңырағымыз шайқалмады, Тәуелсіздігімізге нұқсан келмеді. Арандатушыларға еріп аңдамай от басып қалған азаматтарға Президенттің бұйрығымен рақымшылық берілді.

Бүгінгі Мәжіліс қабырғасында өткен қаңтар оқиғасына байланысты тергеу амалдарының нәтижелерін ашық жариялау мақсатында еліміздің бас прокуроры Берік Асылов рақымшылық шарасымен 1 095 адам босатылғанын мәлімдеді.

— Қазір 315 адамға қатысты 127 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Олар бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда. Сонымен қатар, қаңтардағы азаптаулар туралы шағымдар бойынша 329 қылмыстық іс қозғалды. Жалпы, қаңтар оқиғасы бойынша сот 1 221 адамға қатысты істі қарады, 1 205 адам сотталды. Рақымшылық 1 095 адамға қолданылды. Бас прокуратура арнайы прокурорлық топ аясында 720 қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізді. Тергеу барысында ұсталған 25 тұлға экстремистік топтардың мүшесі, 42 – қылмыстық топтар қатысушысы, 8 — теріс діни ағымдардың жақтаушысы. Сондай-ақ, 126 тұлға бұрын кісі өлтіру, тонау және ұрлыққа қатысты айыпталып, сотталғандығы анықталды», — деді бас прокурор.

Демек, бейбіт шеруге шыққан халықты өзінің теріс пиғылына пайдаланған топтың болғандығы осыдан анық көрініп тұр. Қажетін сұрап шыққан көпшілікті тонауға, өртеуге бағыттаған да осылар. Бірақ Президент бастамасымен аңдамай қадам басып, арандап қалған отандастарымызға рақымшылық жасалды.

Сол тәртіпсіздіктен біз қаншама азаматымыздан айырылып қалдық. Ол біріміздің әкеміз, біріміздің ұлымыз, бірімізге бауыр, бірімізге жар еді. Бүгін Мемлекет басшысы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, қаңтарда қаза болған боздақтардың рухына дұға бағыштады. Енді елімізде дүрбелең болмауын тіледі.

Лайым ел іші тыныш болсын, қаңтардың қайғысын қайтып көрсетпесін дейміз.

Тельман БЕЙСЕН,
Журналист, «Turkistan Media Holding» холдингінің басқарушы директоры

x

Check Also

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжаттар қабылдау басталды. Конкурсқа 35 жасқа дейінгі, мәдениет, ғылым, медиа және спортта жетістіктері бар қазақстандықтар қатыса ...

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды пайдаланудың 2024 жылдың 9 айындағы нәтижесі

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жалпы сомасы шамамен ...