Мемлекет Басшысы жариялаған рақымшылық шарасымен 1095 адам босатылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Мемлекет Басшысы жариялаған рақымшылық шарасымен 1095 адам босатылды

Қаңтар оқиғасынан кейін рақымшылық 1 095 адамға қатысты қолданылды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті.

«Жалпы, «қаңтар оқиғасы» бойынша соттар 1 221 адамға қатысты істі қарады, соның арасында 1 205 адам сотталды. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы өз Жолдауында рақымшылық жасау туралы атап өтті. Осы орайда «Рақымшылық жасау туралы» заң қабылданды. Заң аясында арандатушылардың айтқанына көніп, жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыс жасағандар жазадан босатылды. Рақымшылық 1 095 адамға қолданылды», — деді Б. Асылов.

Осы орайда ол сот ауыр қылмыстар үшін сотталған 1 001 адамның жаза мерзімін қысқартқанын айтты.

x

Check Also

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан ...