Кентауда ерекше кәсіп иесі бар

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кәсіпкерлікті дамыту, идеясы бар жастарға қолдау көрсету жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта аудан, қалаларда жұмыс жүріп жатыр. Жаңадан кәсібін ашқандардың бірі – Жаңабек Фариза. Кентау тұрғыны мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, бүгінгі таңда сағат, кескіндеме бұйымдарын шығаруда. Ерекше бұйымдарды эпоксидті шайыр өнімін қолдану арқылы жасайды.

Фариза Мықтыбекқызы бұл кәсіп түрін курстарға қатысып, үйренген. «ResinArt» техникасымен жұмыс жасауды игеріп шыққан. Бүгінде кәсіпкер шеберхананы жалға алып, кәсібін дөңгелетіп отыр.

Кәсіп бастағанына көп болмаса да, өнімдеріне жергілікті тұрғындар тарапынан тапсырыстар аз емес. Эпоксидті шайыр өнімінің кебуіне байланысты, аптасына екі, үш тапсырыс қабылдауда. Қазір Кентауда аталмыш кәсіп түрімен айналысатын шеберлер саны артып келеді.

«Бұл кәсіптің өз ерекшелігі болғандықтан таңдадым. Енді дамып жатқандықтан сұраныс көбірек. Бұл іс көпшілікке қызық, сол үшін үйренуге ниетті жандар көп. Бірақ оңай көрінгенімен үлкен еңбекті талап етеді», дейді жас кәсіпкер.

x

Check Also

Түркістан: Қазығұртта 1000 түп гүл және сәнді ағаш егілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Қазығұрт ауданынындағы орталық саябақта кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан ...

Шұғыл штабтың тәулік бойғы жұмысы: Түркістан облысы шегірткеге қарсы жою жұмыстарын жүргізуде

Шегірткемен күресте технологиялар мен стратегиялар: түркістан облысының жаңа тәсілі. Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары ...