Жолда қалған жолаушыларға түскі ас берілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Жолда қалған жолаушыларға түскі ас берілді

4 қаңтар күні Тараз-Шымкент бағытындағы жол бойында ауа-райының қолайсыздығынан тұрып қалған жолаушыларға Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен түскі ас таратылды.

Аталған шара барысында кәсіпкерлік бөлімі мен Шақпақ ауылдық округі әкімдігінің мамандары 300-ден аса жолаушыға түскі ас пен шәй және су, 200 дана бөлке нан үйлестірді. Сонымен қатар 200-ден астам жолаушыға жылыну пункттері қызмет етті.

Түркістан облысында жолдарды қардан тазалау, электр желілерін жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан республикалық, облыстық жолдарды қардан тазарту үшін жалпы 133 адам, 74 техника, ал жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қардан тазарту үшін жалпы 97 адам, 41 техника көмекке жіберілген.

Қарды тазалау, инертті материалдарды шашу жұмыстарына 75 дана арнайы техника, 322 жұмысшы жұмылдырылды. 4 қаңтардағы мәлімет бойынша қатты жауған қардың және бұрқасын жел мен боран салдарынан 8 облыстық маңызы бар жол уақытша жабылды. Қар құрсауынан 103 жеңіл және жүк көлігі, 110 адам шығарылған.

Мамандар таулы аймақтарда тұрғындарға жолға шықпауды ескертуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда жаңа 540 орындық мектеп оқушыларға есігін ашты

«Білім күні» мерекесінде түркістандық оқушылар және педагогтар үшін жағымды жаңалықпен басталды. Мереке күні қаладағы Қазыбек би атындағы №14 жалпы білім ...

Еңбек құқықтарын қорғау – Конституция кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты маңызды құқықтық ұстанымын білдірді. Атап айтқанда, 2026 жылғы 8 маусымдағы ...