Жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісі таратылды

Мемлекет басшысы Жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Оқырман назарына құжаттың толық мәтінін ұсынамыз.
***
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 63-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі таратылсын.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалсын.

3. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын.

5. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

           Президенті                                                              Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 19 қаңтар

               № 104

x

Check Also

Год рабочих профессий: объявлено о запуске новой жилищной программы для технических специалистов «Наурыз жұмыскер»

В рамках инициированного Главой государства Года рабочих профессий Правительством принимаются меры поддержки технических специалистов, сообщает Primeminister.kz. По поручению Премьер-министра Олжаса ...

Жұмысшы мамандықтары жылы: техникалық мамандарға арналған «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланды

Үкіметте Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарды қолдау шараларын қабылдануда, деп хабарлайды Primeminister.kz. Премьер-Министр Олжас Бектеновтің ...