Елімізді оң өзгерістер күтіп тұр

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтетін болды. Президент бұл сайлауға елді белсене қатысуға шақырды.

Маған ұнағаны, енді облыстық сайлау комиссиялары кәсіби түрде жұмыс істейді деген тұжырым. Бұл кез келген істің басы-қасында нағыз кәсіби мамандар керек дегенге саяды. Нәтижесінде жұмыс сапасы да, айтатыны да түсінікті.

Тағы өзгеше бір жаңалық — депутаттық мандаттың 30%-ын әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға бөлу заң жүзінде бекітілді. Яғни, саяси бәсеке күшейіп, саяси жүйенің ашықтығына кепіл болады. Мұнан бөлек саясаткерлердің жаңа буынының қалыптасып, ел ісіне араласуына даңғыл жол ашылмақ. Бұдан сайлаудың талаптарына сай өсуіне қатаң бақылау жасалады. Оған тікелей ортақ сайлау комиссиясы және бас прокуратура жауап беретін болады.

Парламенттік жүйесінің жаңа сұлбасы Мәжілістің ықпалын күшейтуге бағытталған.

Бұдан былай жылына екі рет Жоғарғы есеп палатасы төрағасының есебін тыңдайтын Мәжілістің бақылау функцияларын күшейтті. Өз кезегінде бөлінген бюджет қаражатын түпкілікті бақылауға, барлық шығындардың мақсаты мен тиімділігіне талдау жасауға мүмкіндік бергені қуантады.
Дамудың жаңа дәуіріне қадам басқан елімізде жан-жақты жаңару үрдісі жүріп жатыр. Осыны “Жаңа Қазақстанды” құрудағы нақты жол десек болады.

Күлзинат АЛМЕШОВА,
Отырар ауданының Құрметті азаматы

x

Check Also

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Ташкентке мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және дәстүрлі қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...