БҚО-да сәбізге қақалып қалған сәби көз жұмды — Xnews — ақпарат агенттігі

БҚО-да сәбізге қақалып қалған сәби көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында сәбізге қақалып қалған 1 жас 7 айлық сәби көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның хабарлауынша, қайғылы оқиға 31 желтоқсан күні аудан орталығы Теректі ауылында болған. Сағат 13:20-да 1 жас 7 айлық сәби Теректі аудандық ауруханасының қабылдау бөлмесіне жеткізілген. Онда тіршілік белгілері болмаған. Кезекші дәрігер мен медицина қызметкерлерінің жедел жансақтау шараларын жүргізгеніне қарамастан, жарты сағаттан кейін, 13:50-де биологиялық өлім тіркелген.

«Анасының сөзіне қарағанда, үйінде ойнап жүрген ұл бала шикі сәбіз жеген. Қатты жөтелгенін естігеннен кейін оған жүгіріп жеткен анасы көмектеспек болып, арқасынан қаққан. Сәбіздің бір бөлігі шыққанымен, бала көгеріп, тыныс алуы қиындап кеткен. Жедел жәрдем шақырып, баланы көтеріп көшеге шығып, өтіп бара жатқан автокөлікпен ауруханаға әкелген. Баланы қараған кезде ол демалмаған, басқа да тіршілік белгісі болмаған. Барлық іс-шара жүргізілгеннен кейін полицияға хабарланған. Баланың мүрдесі учаскелік дәрігер мен полиция қызметкерінің қатысуымен сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Сот-медициналық сараптама жүргізген маман баланың тұншығып қайтқаны, тыныс алу жолдарының бөгде затпен (сәбізбен) бітеліп қалғаны жөнінде анықтама берді», — деп хабарлаған БАҚ-қа аурухана өкілдері.

Оқиғаны басылымға БҚО денсаулық сақтау басқармасы растап, Теректі ауданы бойынша 1 жас айлық баланың өлімі тіркелгенін жеткізген.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістанда Ekos технологиясымен алғашқы ота жасалды

Түркістан қалалық орталық ауруханасында Қазақстанда тұңғыш рет EKOS тамырішілік ультрадыбыстық тромболизис технологиясын қолдана отырып, күрделі әрі жоғары технологиялық медициналық ота ...

Президент: «В основе всех достижений человечества лежит труд ученых»

Выступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева на церемонии награждения ученых Уважаемые ученые! Уважаемые участники встречи! Поздравляю вас с Днем работников науки! ...