Азық-түлік тапшылығымен күресте қазақстанның әлеуеті зор – Президент — Xnews — ақпарат агенттігі

Азық-түлік тапшылығымен күресте қазақстанның әлеуеті зор – Президент

Мемлекет басшысы «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінде Қазақстанның астық өндірісі жайлы айтты.

«Қазақстан астық өндірісі бойынша әлемде жетінші орын алатын ел ретінде дүниежүзілік азық-түлік тапшылығымен күресте өзінің ауыл шаруашылығы әлеуетін пайдалануға ниетті. Біз ауған халқына гуманитарлық көмек ретінде бидай ұнын жеткізу үшін Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасымен, сондай-ақ БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Осы ретте дамушы елдерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымымен де ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырамын», деп атап өтті Қасым-Жомарт Кемелұлы.

x

Check Also

Шымкент: «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол инфрақұрылымымен қамтылды

Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындарға қызмет көрсетуге арналған тұйықталған теміржол желісінің құрылысы аяқталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ...

Электр энергетикасы – жаңа дәуірдің қозғаушы күші

Қазіргі әлем электр энергиясы экономикалық және технологиялық дамудың негізгі ресурстарының біріне айналған кезеңге қадам басты. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі, цифрландыру, жаңа ...