«Әрбір елді мекенде таза ауыз су» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Әрбір елді мекенде таза ауыз су» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.

«Алдымызда еліміздің барлық қалалары мен ауылдарын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр. Ол үшін қазір «Әрбір елді мекенде таза ауыз су» арнайы ұлттық жобасы әзірленіп жатыр», — деді Әлихан Смайылов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Осы орайда, Премьер-Министр Индустрия министрлігіне аталған жобаны келісу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

«Министрлікке ұлттық жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келісуді жеделдетіп, белгіленген мерзімде Үкімет аппаратының қарауына енгізуді тапсырамын», — деді Премьер-Министр.

x

Check Also

Президент поздравил казахстанцев с Национальным днём печати

Уважаемые работники печатных СМИ! Поздравляю вас с Национальным днем печати! Этот праздник – символ глубокого уважения сотрудникам печатных изданий, чей ...

Президент Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Қадірлі баспасөз қызметкерлері! Сіздерді Ұлттық басылым күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – елімізді өркендету және мемлекеттігімізді нығайту жолында еңбек етіп жүрген ...