Әлеуметтік қызмет – әлеуетке көмек — Xnews — ақпарат агенттігі

Әлеуметтік қызмет – әлеуетке көмек

Түркістан қаласында ардагерлермен зейнеткерлерге, ерекше жағдайдағы азаматтарға қамқорлық жасау, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, оның ішінде бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ашылған болатын.

Орталық 3 бөлімнен тұрады. Олар “Белсенді ұзақ өмір сүру”; “TEN QOGAM”; “Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі” бөлімі.

Өткен жылы орталық 360 адамға 6 бағыт бойынша 3486 қызмет көрсетілді.
Атап айтсақ, “Әлеуметтік – медициналық”қызмет бойынша — 2206;
“Әлеуметтік психологиялық”қызмет — 657;
“Әлеуметтік құқықтық” қызмет – 43;
“Әлеуметтік ағартушылық” қызмет -165;
“Әлеуметтік еңбек терапиясы”-46;
“Әлеуметтік демалыс” қызмет (шахмат, бильярд, экскурсия т.б)- 369.

132 зейнеткер дәстүрлі әндерді орындау мақсатында құрылған облыстық хорға қатысып,өңір бойынша 3-орын алды.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі және зейнет жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсететін “TEN QOGAM” орталығында бүгінде 222 адамға 7 бағыт бойынша қызмет көрсетіліп келеді.

Орталықтың қолдауымен 10 азамат жұмысқа орналасса, 49 адам арнайы кәсіпкерлік бағыты бойынша оқу курстарына қатысып, нәтижесінде 11 азамат мемлекеттік грант иегері атанды.

Одан бөлек,орталықта өмірлік қиын жағдайға тап болған немесе тұрмыстық зорлық- зомбылық көрген азаматтарға «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» бөлімі жұмыс жасайды.

Тіркеуде тұрған тұрмыстық зорлық –зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, қоғамда отбасының рөлін арттыру, отбасы құндылықтарын нығайту әлеуметтік психологиялық, құқықтық және де медициналық көмектерді үйлестіру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Айта кетейік,орталықта қызмет алушыларға барлық жағдай жасалған. Зейнеткерлерге дәрігердің бақылауы мен кеңесі бойынша психологиялық көмек, тұзды бөлме, сенсорлық бөлме, массаж, сауықтыру-гимнастика, ЛФК кабинеті, еңбек терапия, фитотерапия, ағартушылық кабинет, акт залы, кітапхана алаңы, бильярд және теннис ойын алаңы, қосымша би, ән т.б үйірмелері ұйымдастырылған.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...