Алдағы сайлау – жаңа саясаткерлердің қалыптасуына жол ашады

VII шақырылымда сайланған Парламент мәжілісі мерзімінен бұрын таратылып, мәслихаттардың өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы кеңесте талқылап, Жарлыққа қол қойды. Енді 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Бұған әр қазақстандық қатысып, дауысын беру керек. Өз болашығымызды өзіміз жасауымыз қажет. Еліміздің одан әрі дамуы да, әр азаматтың жеке әл-ауқаты да, көбіне осы адамдардың шешімдеріне тәуелді болады. Сол себепті дұрыс таңдау жасайық.

Естеріңізде болса, референдум — реформалардың басты қозғаушы күшіне айналатынын айтқан едік. Ел Президенті мұны да атап өтіп, кезекті саяси дода — конституциялық реформаның жалғасы екенін айтты. Біз қоғам болып еліміздің саяси моделін қалыптастыру мақсатындағы өзгерістерге, Мемлекет басшысының ұсыныстарына қолдау жасадық. Жақында ҚР Президентінің сайлау науқанын өткізсек, жуырда Сенат депутаттары сайланды.

Енді алдағы мәжіліс сайлауы 70%-ы партиялық, 30%-ы мажоритарлық жүйе негізінде өтеді. Ал аудандық мәслихаттарды халық тікелей таңдайды. Бұл халықтың билікке араласуына, елге жақын азаматтардың яғни белсенді тұлғалардың мандатты иеленуіне үлкен мүмкіндік беріп, жаңа саясаткерлердің қалыптасуына жол ашады. Халық өз таңдауларын ашық білдіріп, тартысты бәсекеден тыс қалмауы керек.

Ғалымжан ЗИЯБЕК,
«Ордабасы оттары» газетінің директор-Бас редакторы

x

Check Also

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Ташкентке мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және дәстүрлі қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...